Жаңа Қазақстандағы әділдік институты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің заң пәндері оқытушысы Абишева Меруерт Нұрланқызы 2-курс, ПК-201 тобымен «Жаңа Қазақстандағы әділдік институты» тақырыбында онлайн ғылыми вебинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты: ТДМ-16 мақсаты бағытында Жаңа Қазақстандағы әділдік институттарының мақсаты мен міндеттерін айшықтап, сапалы тұстарын талдау.
Ғылыми вебинарға шақырылған қонақтар ретінде ҚР Парламентаризм институтының бас маманы, PhD Нұржан Сәулен және з.ғ.д., профессор Г.А.Куаналиева қатысты.
Жаңа Қазақстанды дамытудың стратегиялық мақсаты ретінде - Әділетті мемлекет құру. Мемлекет тиімді басқарылмаса, әділ экономика құру мүмкін емес, ал ол болмаған жағдайда қоғамның өзі әділетті бола алмайды. Ендеше, бүгінде, еліміз дамудың стратегиялық бағытының жаңа кезеңі алдында тұрғанда маңызды рөл аталған қағидалардың біріншісіне тиесілі екені даусыз. Әділетті мемлекеттік құрылымды қабылдау азаматтардың мемлекетке және оның институттарына сенімі негізінде ғана мүмкін болады.
Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан дегеніміз – Әділетті Қазақстан екенін айтып, түсініктеме бере кетті. Жаңа Қазақстан – қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлемде ұлттық бірегейлігімізді нығайтудың жолы. Жаңа Қазақстанды құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен реформалау қажет. Жаңа Қазақстан әділдіктің территориясына айналуы керек. Ол үшін тек заңның әріптерін ғана емес, рухын да ұғынып, ұстану қажет. Заңдар догма емес, ол азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін жетілдіріліп отыруы тиіс. Заң, әділдік және тәртіп бақуатты өмірімізді айқындайтын нақты факторларға айналады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Іс-шара барысында интерактивті құралдар мен әдістер қолданылып, сұрақ-жауап ойындары және презентациялар қорғалды.
Іс-шараға Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Деканның оқу-ісі және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Райымбергенова Кәмшат Тоқашқызы және колледждің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты: А.С.Турегельдиева, Ш.А.Мусалаева және т.б.