Қысқы сессияны мерзімінен бұрын тапсыру
Тұңғыш рет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері қысқы сессияны мерзімінен бұрын тапсырып, жаңа жыл мерекесін отбасылық ыстық ортада қарсы алады. Бұл оқу орын тәжірибесіндегі ерекше оқиға. Әдеттегі қысқы сессия жаңа жалдық мерекемен тұспа-тұс келетіндігі бәріне аян. Ел болып мейрамға дайындалып, дүрлігіп жүргенде студенттер қауымы емтихан сұрақтарынан бас алмайтын. Бұл бұрынғы жағдай.
Енді еліміздегі жетекші оқу орын қысқы сессияны Жаңа жылға бірнеше күн қалғанда аяқтайды. Студенттердің бірқатар сұранысынан соң, оның үстіне кредиттік технология негізіндегі оқу процесіне зардабын тигізбейтіндіктен оқу орын басшылығы солай шешті.
Емтихандарын тапсырып болған соң, үйлеріне қайтпай тұрып, әр факультеттің студенттері университет ректорымен кездесуге уақыт тапты.
Университеттегі студенттік ұйымдардың жетекшілері жыл қорытындысын ерекше ынтамен баяндады, өйткені биыл ерекше оқиғаларға толы болғандығы белгілі. Оның ішінде Елбасының ҚазҰУ-ға келіп, осы жерде актілік дәріс оқуы айрықша әсер еткен.
Жыл соңындағы бұл кездесу университет басшылығымен жастар мәселесі жөнінде, жоспарлары туралы айтып, өздерінің озық ойларына университет әкімшілігі тарапынан қолдау табуға мүмкіндік берді.
Студенттерді қысқы демалысқа шығарып салып тұрып, ректор оларға жақсы демалып, жаңа оқу семестріне дұрыс дайындықпен келулеріне тілектестігін білдірді. Қазақстан жастарының элитасын құрайтын ҚазҰУ студенттерінің алдында зор міндеттер тұрғынын ескертті. Мемлекет басшысының болашаққа интеллектуалдық секіріс туралы дәрісін ҚазҰУ қабырғасында оқуы да кездейсоқтық емес. Елбасы бұл секірісті Қазақстанның нағыз патриоттары, талантты жастары жасайтындығына сенеді. Соған сәйкес Елбасы атап өткендей, Қазақстан білімі мен ғылымының форпосты Қазақ ұлттық университетінің студенттері бұл сенімді ақтауы керек.
Оқу орын басшысы келер жылда болатын Ұлы Отан Соғысының 65-жылдығына да баса назар аударды. Жыл сайын жиырмасыншы ғасырдың айтулы оқиғасы артта қалып барады, алайда мұны ұмытуға ешкімнің де құқы жоқ. Ректор ҚазҰУ студенттері Жеңістің 65-жылдығын атап өтуге белсенді түрде ат салысуы керек деп есептейді.
Кездесу соңында Бақытжан Жұмағұлов студенттерден жаңа өзгерістер қиындық тудырып жатқан жоқ па деп сұрады, өйткені сессия кезіндегі жаңа өзгерістер студенттерден біраз тер төгуін талап етті. Алайда жаңа жылды өздерінің ыстық ұясында, жақындарымен бірге қарсы алуға әзірленіп қойған студенттер бірауыздан қолдап, ризашылықтарын білдірді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі