ҚазҰУ-да «ДЕНСАУЛЫҚ» спартакиадасы өтуде
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жыл сайын қаңтар айының алғашқы апталарында «Парасат» кәсіподағы және ҚазҰУ-дың спортклубының ұйымдастыруымен оқытушы-профессорлар мен университет қызметкерлерінің денсаулықтарын шынықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында факультеттер арасында «Денсаулық» спартакиадасы өтеді.
Осындай жыл сайынғы дәстүрге сәйкес, 2024 жылдың 8-18 қаңтар аралығында университеттің спорт залдарында білім ордамыздың оқытушылары мен басқа да қызметкерлері арасында дәстүрлі «ДЕНСАУЛЫҚ» спартакиадасы аясында түрлі жарыстар өтуде. Жарыстар үстел теннисі, футзал, шахмат, тоғызқұмалақ, бадминтон, волейболдан әйелдер және ерлер командалары арасында өтуде.
Спатакиада жарыстарына Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушы- профессорлық құрамы, соның ішінде Қыдырбаев Б.М., Кабделова У., Сайлаукенова Ә.Е., Бегалиева Б.Б. белсенді қатысуда. Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы спартакиадада жеңіске жету үшін аянбай күресіп, факультет намысын қорғауда. Салауатты өмір салтын насихаттап, белсенділік танытқан ұлағатты ұстаздарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, жұмыстарыңызға мол табыс тілейміз!
Спартакиаданың алдында үлкен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізілді. Берілген спорттық іс-шаралар университеттің оқытушы-профессорлар құрамы, докторанттары мен қызметкерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жарыстар спартакиада қатысушыларына өз денсаулықтарын шынықтыруға, оқытушылардың эмоционалдық тонусын арттыруға және факультеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға өз септігін тигізді.
Қиыр Шығыс кафедрасы
Жапонтану бөлімінің меңгерушісі
Тазабекова Г.Б.