- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Бабалар аманаты» атты дәстүрлі ән-жыр кеші өтті
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Бабалар аманаты» атты дәстүрлі ән-жыр кеші өтті
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының ұжымы және ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Кіші Фараби академиясы және Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен концерт берді.
Университетте «Бабалар аманаты» аталатын ән-жыр шашуы арқылы отансүйгіштік қасиет дарытатын, тәрбиелік мәні терең ұлттық рухани мұрамыз – ән мен күйді, терме, толғауларды дәріптеу, насихаттау және жақсы көңіл-күй сыйлау көзделді. Өнерпаздар бабалардан жеткен ең таңдаулы толғау жырларды, әсем ән мен күмбірлеген күйлерді орындады. Халықтың бай рухани мұрасын әлемдік деңгейде насихаттап жүрген танымал өнер майталмандары мен олардың шәкірттерінің репертуарында қазақтың әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындылары орындалды. Концерттік кешке халық әні кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, жыршы Ұ.Байбосынова, ҚР еңбек сіңірген артисі Б.Қожабаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Р.Жұмаділова, Е.Мұстафаев, Е.Шүкіманов, А.Қосанова, ҚР мәдениет қайраткерлері М.Әбуғазы, А.Исатаева, Халықарлық, республикалық байқаулардың лауреаттары А.Ахатов, Т.Құрманғалиев, Э.Қарабалина т.б. өнерпаздар қатысты.
Осы мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан оқытушы ұстаздар, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж.Жаппасов пен аға оқытушы Б.Досанов, философия және саясаттану факультетінің доценті П.Сулейменов, шығыстану факультетінің аға оқытушысы Ә.Рысбаев, филология факультетінің аға оқытушысы А.Бисембаев.
«Бабалар аманатын» дәстүрлі ән-жыр, күй, терме толғауларды дәріптеу, қазақ мәдениетінің ерекшелігін көрсетеді, және қазіргі жастарды отансүйгіштіке рухта тәрбиелеуге бірден бір септігін тигізері анық.
Философия кафедрасы