- Басты бет
- Жаңалықтар
- Академик Т.Т. Тәжібаевтың туылғанына 114 жыл және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Қазақстан ғылымы және оқу-ағарту жүйесі: даму жолдары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Академик Т.Т. Тәжібаевтың туылғанына 114 жыл және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Қазақстан ғылымы және оқу-ағарту жүйесі: даму жолдары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер!
Академик Т.Т. Тәжібаевтың туылғанына 114 жыл және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Қазақстан ғылымы және оқу-ағарту жүйесі: даму жолдары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшінші ректоры, Т.Т.Тәжібаевтың (1910-1964) ғылым, білімге, басқарушы қызметіне бағытталған озық идеяларымен бөлісу. 90 жылдық тарихы бар университеттің дамуына ғалымдардың қосқан үлесі мен тәжірибелерін насихаттау.
Конференцияға ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, білім беру жүйесінің басшылары, мұғалімдер, докторанттар, магистранттар, студенттер және жас ғылыми зерттеушілер қатыса алады.
2024 жылдың 23 ақпанында оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
КОНФЕРЕНЦИЯ СЕКЦИЯЛАРЫ:
Секция 1. Зерттеу университетінің басымдықтары және заманауи білім беру жүйесі
Секция 2. Академик Т.Т.Тәжібаевтың ғылыми идеялары мен басқарушылық қызметі
Секция 3. Педагогика ғылымындағы инновациялар: цифрлық педагогика, инновациялық оқыту әдістері
Секция 4. Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп пен жоғары мектеп сабақтастығы
Дөңгелек үстел: Университеттік білім беру жағдайында ғылыми зерттеулерді дамытудың негізгі
тенденциялары
Әрбір мақала авторына беріледі:
- Конференцияға қатысқаны туралы сертификат
- Алғыс хат
- Ғылыми конференция жинағының электрондық нұсқасы
(Сертификатта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс (оқу) орны,
ғылыми жұмыстың атауы көрсетіледі).