«Ерен еңбегі үшін» медалының иегері

17 қаңтар, 2024

Тұраров Дәурен Рысқұлұлы Экономика және бизнес жоғары мектебінің Экономика кафедрасында экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы қызметін атқарады. Ғылыми-педагогикалық стажы 20 жыл. Экономика және бизнес жоғары мектебінде әр түрлі жылдары факультеттің тәрбие жөніндегі деканның орынбасары, Экономика кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды, қазіргі таңда Экономика кафедрасы бойынша аға эдвайзерлік қызметті атқарып келеді. Диплом жұмыстарына, магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік етеді және тұрақты даму мақсаттарын орындауда толықтай атсалысады (ТДМ 4). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының 12 қаңтар 2024 жылғы №17 бұйрығымен «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталды. Дәурен Рысқұлұлын марапатыңызбен құттықтаймыз.