- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі конкурс жариялайды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі конкурс жариялайды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өндірістік сектордың консорциумдары: құзыреттер орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.
Бұл байқау «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде өткізіліп отыр.
Гранттық бағдарламаның мақсаты – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталықтарын құру. Олар жасанды интеллектіні дамытуға және жаңа технологияларды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешуге, зертханалық масштабта («модельдік фабрика») өндірістік процестерді модельдеуге және жетілдіруге, сондай-ақ саланы дамыту бойынша ұсыныстарды талдауға және әзірлеуге бағытталған. Гранттық бағдарлама аясында бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет. 10 пайыздан бастап қоса қаржыландыру қаражатын енгізе отырып, өндірістік кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдардың қатысуы консорциумның міндетті шарттары болып табылады.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 13:00-де аяқталады.
Гранттар бағдарламасы бойынша толық ақпаратты жобаның www.fpip.kz. сайтынан таба аласыз. Барлық сұрақтар бойынша consortia@fpip.kz электрондық пошта арқылы немесе +7 777 149 80 36 телефондар арқылы хабарласа аласыз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі