- Басты бет
- Жаңалықтар
- Н.П. Огарев атындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу университетінің «Integration of Education» журналының бас редакторларымен кездесу өтті
Н.П. Огарев атындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу университетінің «Integration of Education» журналының бас редакторларымен кездесу өтті
2024 жылдың 16 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызының Мордовияның Н.П. Огарев атындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу университетінің «Integration of Education» журналының бас редакторлары Гордина Светлана Викторовна мен Никонова Юлия Николаевнамен кездесуі өтті. «Integration of Education» журналы 2016 жылдан бастап Scopus деректер базасына (1-квартиль) енгізілген және жылына журналдың 4 саны шығады. «Integration of Education» журналы редакторларының қажырлы еңбегінің арқасында журналдың пайыздық көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Қытайтану кафедрасы бірнеше жылдан бері журналмен жемісті жұмыс атқарып келеді және «Integration of Education» журналында бірнеше мақалалары жарияланды, бұл шыққан мақалалар біздің докторанттарға диссертацияларын сәтті қорғауға мүмкіндік берді және оқытушыларымызға халықаралық журналдардағы жарияланымдарларын арттыруға мүмкіндік берді. Қытайтану кафедрасы журналдың редакторларына алғысын білдіреді және ынтымақтастығымыз одан әрі арта түседі деп үміттенеді!