"Көз денсаулығын сақтау ережелері"
19 қарашада 2023 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі ПК-202 тобында "Көз денсаулығын сақтау ережелері" ашық кураторлық сабақ өткізілді. Бұл іс-шара «Тұрақты даму мақсаттарының» «Денсаулық пен амандық» деп аталатын 3-бағытын іске асыруда орындалған. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығының амандығына жәрдемдесу мақсатында заманауй технологиялардың қарқынды дамуының салдары - жастар арасында үлкен проблемаға айналған көз аурулардың кең тарауына студенттердің назары аударылды. Студенттер көз структурасы және оның функционалдығын қамтамасыз ететін биомиханика туралы мәлеметтермен танысты. Сабақта студенттерге көрме ұйымдастырылып, тақырып топтар арасында белсенді талқыланды. Интерактивті тренингтер арқылы көз денсаулығын сақтау жолдарын туралы жаңа практикалық білім мен дағдылар берілді.
Көз денсаулығын сақтау ережелері
Іс-шараның мақсаты:
Студенттердің көз денсаулығының маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және оларға көру қабілетін сақтау үшін қажетті білім мен дағдыларды беру.
Сонымен бірге, іс-шара студенттердің көру қабілетін сақтау маңыздылығын түсінетін және күнделікті өмірінде көз денсаулығын сақтау үшін белсенді қадамдар жасайтын салауатты ортаны құруға бағытталған.