Археологиялық, өлкетанушылық зерттеулерге оқушыларды тарту
2024 жылдың 19 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушылары Ғ.Қ. Омаров және Б.Б. Бесетаевтың қатысуымен Аягөз ауданы Білім басқармасы ұйымдастырған аудан бойынша тарих пәні ұстаздарымен «Археологиялық, өлкетанушылық зерттеулерге оқушыларды тарту» атты онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында Ғани Қалиханұлы Омаров, Бауыржан Берқанұлы Бесетаевтың Аягөз өңіріндегі соңғы жылдардағы зерттеулер жайлы баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, ауданға қарасты «Сары-Арқа жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі Дана Қанатқызы Тұмақбаеваның «Зерттеу жұмыстарын жүргізуде өлкетану бағытындағы компоненттерді тарту» (әдістемелік көмекші құралы) жаңартылған білім беру бағдарламасы таныстырылды.