Алматы қаласы №178 мамандырылған лицей оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстары.

16 қаңтар, 2024

Алматы қаласы №178 мамандырылған лицей оқуш

16.01.2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Байдалиев Дархан Дәулетжанұлы Алматы қаласы №178 мамандырылған лицей директорының тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен бірге 9, 10, 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берик жоғары сынып оқушыларын жиі толғандыратын мәселелердің бірі – мамандықты таңдау екендігін айта келе, мектеп оқушыларының ұлттық біріңғай тестілеу жұмыстарына даярлығы мәселесіне тоқталып,  кәсіби бағдар беруге келген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Байдалиев Дархан Дәулетжанұлымен таныстырды.

 Кездесу барысында Д.Д.Байдалиев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің еліміздегі ғылым, білім, мәдени, экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы атап көрсетті. Сонымен бірге қазіргі уақытқа дейін университет түлектері арасынан танымал саясаткерлер, ғылыми қызметкерлер, басшылық орындарда жүрген мемлекеттік қызметкерлер көптеп саналатындығы туралы айтып, университеттегі ғылым мен инновациялық білім беру технологиялары, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстар, білім беру бағдарламаларымен таныстырды.

 

 

ыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстары.