ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

21 қаңтар, 2024

(15-19 қаңтар, 2024 жыл)

 

  • Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойлық жылдың ашылу салтанатына қатысып, оқу ордасының ұжымын айтулы датамен құттықтады. 
  • Ректор ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында университет базасында химиялық гальваникалық қаптамалар шығаратын Chemical Coating innovations ғылыми-өндірістік орталығының ашылуына қатысты.
  • Жансейіт Қансейітұлы «Әлемнің этнотілдік бейнесі және түркі мұрасы» атты II Халықаралық конгресінде баяндама жасады. 
  • Оқу ордасының басшысы мемлекет және қоғам қайраткері, «Парасат» орденінің және «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері, профессор Мұсабек Әлімбековтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстандық сот жүйесі – қоғамның тұрақты дамуының негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.