«Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс: зерттеу теориясы мен практикасы» халықаралық қысқы мектебі

19 қаңтар, 2024

2024 жылдың 18-19 қаңтарында философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жас ғалымдарға арналған «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс: зерттеу теориясы мен практикасы» халықаралық қысқы мектебін өткізді, ол университеттің 90 жылдығына және оның ТДМ-на қол жеткізуге қосқан үлесіне арналған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық ынтымақтастықты нығайту, адамдар мен жобаларды біріктіру, кәсіби қоғамдастық құру және әлеуметтану мен әлеуметтік жұмыс саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді қоса алғанда, жаңа бастамаларды іске асыруға жәрдемдесу арқылы ТДМ-на қол жеткізуге қосқан үлесін бағалайды.