Республикалық әдеби байқаулар

22 қаңтар, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің "Асыл сөз" стартап мүшелері және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылары Жазушылар одағында биылғы  Республикалық әдеби байқаулар туралы үлкен шараға қатысты. Мұнда еліміздің көрнекті қаламгерлері, ақын-жазушылар қазақ руханиятына соңғы уақытта қосылып жатқан үздік туындылар және алдағы уақытта өзекті мәселелерді көтеретін шығармалар жазуға байқаулар жарияланатынын айтты. Бұл байқаулар әдебиеттің барлық салаларына проза, поэзия, драма жанрларында болатынын және оған жас шектеуі болмайтынын айтты. Біздің стартап мүшелері осындай байқаулар туралы толық мәлімет алып, шығармашылық ізденістердің бағыттары туралы терең мағлұматтар алды. Алдағы уақытта талантты шәкірттер өздері де осындай шығармашылық байқауларға атсалысуды мақсат тұтпақ.