«Әлемнің Этнотілдік бейнесі және түркі мұрасы»
2024 жылдың 16-18 қаңтар аралығында әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай, «Әлемнің Этнотілдік бейнесі және түркі мұрасы» атты ІІ Халықаралық ғылыми конгрес өтті. Конгреске әлемнің түкпір түрінен келген түркітанушы ғалымдар мен университетіміздің ректоры Түймебаев Ж.Қ. қатысты. Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасында өткен конгерестің пленарлық отырысында университеттің Басқарма Төрағасы, ректор Түймебаев Ж.Қ. сөз бастап, түркі тілдер жайында өз ойын айтып, қонақтарға алғысын білдірді.
Іс шара әл - Фараби атындағы ҚазҰУ және А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жобалараның презентациялар шеруімен жалғасты. Өзге елдің ғалымдары «Тарихи археология зерттеулер: түркі халықтары қауымдастығының қалыптасуы және эвалюциясы», «Түркі және алтай тілдері: тарих және қазіргі заман», «Тарих тілі және тіл аясындағы тарих» бағыттарындағы презентацияларын ұсынды. Ғылыми конгрес Герольд Бельгердің 90 жылдығына арналған «Түркі әлемдегі көптілді тұлға: ұрпақтардың өшпес рухы» атты дөңгелек үстелде жалгасып, тіл тұғырындағы өзекті мәселелер талқыланды. Үш күнге созылған ІІ Халықаралық конгреске келген делегация үшін, түрлі мәдени бағдарламалар өткізіліп, қала ішіндегі керемет қысқы ауадағы саяхатпен ұласты. Конгрес соңында Басқарма төрағасы Түймебаев Ж.Қ. делегация мүшелерін марапаттап, құрмет пен ілтипатын көрсетті.