Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мерейтойлық жылдың ашылу салтанаты 15 қантар күні өтті. Әл-Фараби атындағы 90 жылдық тарихы бар ҚазҰУ бүгінгі таңда мемлекетіміздің жоғары мектебінің тірегі, бүкіл Орталық Азия аумағындағы кадрлар дайындайтын ірі ұстаханаға айналды. Мерейтойдың қадірлі қонақтары ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-ректоры Жансейіт Түймебаев, Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми, Мемлекет және қоғам қайраткерлері, университет ардагерлері, ҚазҰУ түлектері мен оқытушылары, білім алып жатқан жастар, БАҚ өкілдері болды.
Ашылу салтанаты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының құттықтау сөзімен басталды.
Университетіміздің үздік қызметкерлері «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Құрмет грамотасымен», «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Алғыс хатымен», «Еңбек ардагері» медалімен, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, ҚазҰУ «Әл-Фараби үлкен алтын» медалімен, «Әл-Фараби күміс» медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Кеш, АРТ-орталықтың кәсіби мамандарымен дайындаған, ҚазҰУ студенттерінің мерекелік концертінімен жалғастырылды. Сахнада мың бұралған «Фараб қыздары» студенттік би ансамблі «Фараб» биімен өнер көрсетті. Физика-техникалық факультетінің 2 курс магистранты Базарбай Аружанның «Бұлбұл» әні қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады. Жаңадан құрылған «Фараб» студенттік этноансамблінің сүйемелдеуімен физика-техникалық факультетінің 1 курс магистранты Сапина Лана жанды дауыста «Қазақ вальсы» әнін орындады. Студенттік хордың орындауындағы «Қазақ елі» әні, орындарынан тұрып, қошемет көрсеткен кеш қонақтарымен бірге орындалды. Кітапханадағы меретойлық атмосфера әр бір қазұулықтар мен қонақтарға ұзаққа ұмытылмас жылы сезім қалдырды.