"Үлкен алтын медалімен" марапатталды

25 қаңтар, 2024

15.01.2024 Экономика ғылымының докторы,профессор Жатқанбаев Ержан Байғожаұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне90 жыл толуына орай ректордың 2024 жылдың"12" қаңтарда шыққан №17 бұйрығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуына қосқанайрықша үлесі үшін "Үлкен алтын медалімен" марапатталды.

Ержан Байғожаұлы қазіргі уақытта"Менеджмент" кафедрасында профессор қызметін атқаруда.

Қазақ Ұлттық Университетінде әр жылдарыҚазҰУ проректоры, экономика және құқықинститутының директоры, экономика жәнеәлеуметтану, халықаралық қатынастар,экономика және бизнес факультеттерінің деканы қызметтерін атқарған.  

Профессор Е.Б. Жатқанбаевтың 1970 жылданбастап қазіргі уақытқа дейін 270-тен астамғылыми мақалалары, брошюралары, кітаптары, монографиялары, оқулықтары, оқу және ғылыми-әдістемелік құралдары жарық көрді.