Ауғанстаннан келген студенттерге арнап «Ашық есік күні»

24 қаңтар, 2024

2024 жылдың 24 қаңтар күні Археология, этнология және музеология кафедрасы дайындық факультетінде оқып жатқан Ауғанстаннан келген студенттерге арнап «Ашық есік күнін» өткізіп, кафедраның білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Кафедра профессоры Т.Е. Қартаева, доцент М.Қ. Егізбаева, аға оқытушы Б.Б. Бесетаев «Археология», «Этнология және антропология», «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтары туралы айтып, кафедраға қарасты Археология, Этнология музейлері және галереялармен таныстырды.