ПРЕЗИДЕНТТІҢ СҰҚБАТЫ – ӨРКЕНДЕУДІҢ БАСТАУЫ

26 қаңтар, 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 03 қаңтарда берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» тақырыбындағы сұқбаты бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Қаржы және есеп» кафедрасының  доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Керімбек Ғалымжан Есқараұлы Алматы ақшамы газетінің 2024 жылғы 15 қаңтардағы №3 санында «Өркендеу бастауы»,- тақырыбында мақала жазып, Президент саясатының экономикалық тиімділігіне сараптама жасады.   
Егеменді еліміздің әрбір азаматы «Мемлекет маған не береді» дегеннің орнына «Мен, мемлекетке не бере аламын»,- деген қағидамен Президенттің саясатын қолдап, барынша адал қызмет жасауы тиіс. Алматы ақшамы газетінің 2023 жылғы 23 желтоқсанындағы №153-154 санында, менің «Салық қызметі: мемлекеттің негізгі табыс көзі саналатындықтан бұл органға арнайы мәртебе берілуі қажет»,- тақырыбында тілші Досбол Атажанмен сұқбатым жарияланды. Осы сұқбатта Президентіміздің «жаңа Салық кодексін әзірлеу қажет» деген тапсырмасына байланысты, еліміздің салық саясатына экономист-сарапшы ретінде экономикалық талдау негізінде сараптама жасаған едім.  
Қазақстанда салық саясаты мен салық тетігінің тиімділігін арттыру – елдің экономикалық дамуы үшін өте маңызды болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін Салық кодексін жеңілдету, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салықтық бақылауды күшейту, салық төлеушіде «Салық мәдениетін» қалыптастыру, салық төлеушінің білім деңгейін көтеру, салық саясатында ашықтықты арттыру, мемлекеттік мекемелердің арасындағы үйлесімділікті жандандыру,  салықтың түрлерін оңтайландыруды жақсарту қажет. Аталған бағытта бірнеше іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жаңа 2024 жылда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен және жалпы халықтың қолдауымен еліміздің өркендеуі жолында көптеген айтулы бағдарламалар жүзеге асырылып, тиімді іс шаралардың орындалатына сенеміз»,- деп пікір білдірді. #tokaev #akorda #kaznu