ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

28 қаңтар, 2024

(22-26 қаңтар, 2024 жыл)

  • ҚХР Білім министрлігінің шақыртуымен Жансейіт Түймебаев бастаған ҚазҰУ ғалымдары Қытайдың Үрімжі қаласына жұмыс сапармен барды. 
  • Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың Қытайдағы Үрімжі қаласында тұңғыш рет өткізген ғылыми-инновациялық көрмесіне қатысты. Көрмеде ҚазҰУ-дың үздік 40 ғылыми жобасы ұсынылды. 
  • ҚазҰУ басшысы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі  Дархан  Ахмед-Заки мен ҚХР Білім вице-министрі Сунь Яоның қатысуымен өткен Қазақстан мен Қытай университеттерінің халықаралық ғылыми симпозиумында баяндама жасады.
  • Университет ректоры Шыңжаң университетінің басшысымен химия және химиялық инженерия, құқық, ақпараттық технологиялар, жерді қашықтықтан зондтау, академиялық және ғылыми ынтымақтастық бағыттары бойынша екіжақты  меморандумдарға қол қойды. Сонымен қатар Шыңжаң университетімен Қытай-Қазақ жоғары оқу орындарының біріккен зерттеу орталығын ашу бойынша және Шыңжаң педагогикалық университетімен өзара түсіністік туралы келісім жасалды.
  • Сапар барысында Жансейіт Қансейітұлы Шыңжаң медициналық университетінің президенті Лу Ченмен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру мәселелерін талқылады.
  • Оқу ордасының басшысы ҚХР Ғылым академиясы Шыңжаң экология және география институтының қызметімен танысып, институт Президентімен жүздесті. Келіссөз нәтижесінде ҚазҰУ мен Шыңжаң экология және география институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
  • Ректор ҚР Ұлттық ғылым академиясының кезектен тыс отырысына қатысты. Жиында академияның жаңа басшысы Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев таныстырылды. 
  • Жансейіт Түймебаев BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевпен кездесті. Жүздесу барысында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.