- Басты бет
- Жаңалықтар
- Семинар-тренинг «студент жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың психологиялық технологиялары».
Семинар-тренинг «студент жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың психологиялық технологиялары».
2024 жылдың 16 қаңтарында Түрксой кафедрасының аға оқытушысы, куратор - эдвайзер Әбілдаев Жеңісбек Ақембекұлы әл-Фараби ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай "студент жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың психологиялық технологиялары" тақырыбында куратор жұмысындағы психологиялық технологиялар" тақырыбы бойынша тұрақты даму мақсаты аясында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Семинар-тренингті жетекші психолог-ғалымдар С.Қ. Құдайбергенова мен З.Б. Мадалиева жүргізді.
Лекторлар студент жастармен жұмыс жүргізуді түсіндірді, себебі студенттер арасында суицидтік мінез-құлық көбейіп келеді. Әсіресе 1 курс студенттері мұндай әрекеттерге өте бейім, өйткені олар жаңа ортаға бейімделуі керек және бұл оларға өте қиын. Куратор-эдвайзерлерге барлық курстардың студенттері арасында ақрпаратты арттыру үшін семинар өткізу ұсынылды. Қазіргі жастардың психикалық жағдайы туралы ойлануға тұрарлық. Қазіргі жастардың күйзелісі мен дағдарысы, депрессиясы мен суицидтік ойлары өте тұрақсыз. Сондықтан олардың іс-әрекеті мен ойын ересектер ерте аңғарып, алдын алғаны жөн. Бұл мәселені қоғам болып шешіп, отбасы, құрбылары және университеттің оқытушы құрамы ретінде шешкен орынды болмақ.
Лекторлар атақты американдық психотерапевт Пол Куинэдтің жастар арасындағы суицид бойынша орасан зор ғылыми-тәжірибелік жұмыс жүргізген және оның тәжірибесі суицидтік ниеттердің алдын алу жұмысында кеңінен танымал болып келе жатқан еңбегін қарастыруды ұсынды.
Тренингте Suicide Watch бағдарламасы және QPR көмек алгоритмі талқыланды. Соңғы ғылыми деректерге сүйенсек, әсіресе 30-54 жас аралығындағы ер адамдар суицидке бейім екенін білдік.
Сондай-ақ триггер мәселелері, қауіп факторлары және суицидтік әрекеттерден қорғау факторлары талқыланды.
Семинар өте қызу өтті, осы семинар-тренингке қатысқан барлық куратор-эдвайзерлер лекторлар ұсынған барлық сұрақтарды белсенді түрде талқылады.
Тренингте атақты режиссер Роллан Быковтың «Мен бұл жерге енді қайтып оралмаймын» фильмінен үзінді көрсетілді, онда кішкентай қыздың өз-өзіне қол жұмсауына әлеуметтік мәселелердің себеп болғандығы дәлелденді.