"Түркияның Орталық Азиядағы рөлі"тақырыбы бойынша сапалы білім беру тұрақты даму шеңберінде Стамбул университеті Ілияс Нұрат PhD ғылыми семинары

31 қаңтар, 2024

     Түрксой кафедрасы 2024 жылдың 24 қаңтарынан бастап Ыстамбұл университетінің Түркология ғылыми-зерттеу орталығының магистранттары мен докторанттары үшін "Түркістаннан Анадолыға дейін: өркениеттер сабақтастығы" сапалы білім беру тұрақты даму шеңберінде қысқы мектеп ұйымдастырды.  Стамбул университетінің магистранттары мен докторанттарына арналған қысқы мектеп барысында тіл, тарих және басқа да салалар бойынша дәрістер оқылады. Қысқы мектеп 9 ақпанға дейін жалғасады. Бірінші семинарды 2024 жылғы 24 қаңтарда Стамбул университетінің PhD докторы Ілияс Нұрат "Түркияның Орталық Азиядағы рөлі"тақырыбы бойынша өткізді.