"Жаужүрек мың бала" фильмінің қойылымы

31 қаңтар, 2024

«Қазақ киносы»  үйірмесі  аясында  №14  студенттер  үйінде тұратын Ауғанстаннан келген шетелдік тыңдаушылар Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының жарыққа шығарған  «Жаужүрек мың бала» атты  фильмін тамашалады.  Фильмде тарих парақтарынан сыр шертетін шытырман оқиғада қазақтың ерлік көрсеткен ұл-қыздары мен батыр тұлғаларының болмысы бейнеленеді. Қазақ пен жоңғар тартысының аяқталуына ықпал еткен Аңырақай шайқасы көрсетіледі. Тыңдаушылардың  фильмнен  алған әсері мол.