- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚХР болашақ педагог кадрларды даярлау жүйесіндегі зерттеу әдістері мен оқыту технологиялары» атты халықаралық семинар өтті.
«ҚХР болашақ педагог кадрларды даярлау жүйесіндегі зерттеу әдістері мен оқыту технологиялары» атты халықаралық семинар өтті.
27.01.2024 ж. педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында әл-Фараби атындағыҚазҰУ-дың 90-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде «ҚХР болашақ педагог кадрларды даярлау жүйесіндегі зерттеу әдістері мен оқыту технологиялары» атты халықаралық семинар өтті.
Семинардың модераторы п.ғ.к., доцент А.С.Акрамованың жетекшілігімен ҚР және ҚХР білім беру жүйелерін интеграциялау мәселелерін зерттеумен айналысатын педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының докторанты Лю Лицзюнь болды.
Семинарда жас ғалымдар Цао Жан (Цзилинь шет тілдер университеті, Чанчунь қ., ҚХР), Тан Сяотун (Ляонин педагогикалық университеті, Ляонин қ., ҚХР), Чжан Сюян (Пиндиншань университеті, Пиндиншань қ., ҚХР) сөз сөйледі. Баяндамашылар Қытайдың жоғары оқу орындарында оқыту тәжірибесі мен оқыту технологияларымен, ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.
Халықаралық іс-шараға қатысушылар өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру ниетін білдіріп, бірлескен еңбекке шығармашылық және ғылыми табыстар тіледі.