Кедейлікті жою

1 ақпан, 2024

01.02.2024 күні Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен  Шетел филологиясы мамандығының 1-курс магистранттары Айдарқұлова Ш.А., Алуақас З.Е. және топ эдвайзері  Төреханова Р.А. «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында “6В02304-Аударма ісі” мамандығының 1-курс студенттерімен «Кедейлікті жою» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге әлемдегі және Қазақстандағы күнкөріс деңгейін көрсете отырып, кедейлікпен күрес үшін жасалынып жатқан іс-шаралармен таныстыру. Ашық тәрбие сағаты интерактив  түрінде өтіп, оған 15 студент қатысты. Сабақ барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп, белсенді қатысты. Практикалық тапсырма ретінде қатысушылар үш топқа бөлініп, өздерінің бизнес жоспарларын жасап, қорғады. Студенттер еліміздегі кедейлікпен күрес, кедейліктің алдын-алу мақсатында жоспарланып отырған іс-шаралармен танысты. Сабақ өз мақсатына жетті.