Алып ғасырдың алып ақыны

4 ақпан, 2024

02.02.2024 жылы «Экономика» кафедрасының 6В04103-Экономика ББ 1 курс студенттері «Алып ғасырдың алып ақыны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл шара Әбділдә Тәжібайұлы Тәжібаевтың туғанына 115 жыл арналған. Болашақ қоғамды  тұрақты дамыту ТДМ 4-ші мақсаты – «Сапалы білім беру» бойынша, тарихи тұлғаларды тарихи тұрғыдан қарап, олардың өмірі мен еңбегіне терең үңіліп, бүгінгі ұрпаққа жеткізу маңыздылығы анықталды. Әбділда Тәжібайұлы Тәжібаев (1909-1998 жж) — қазақ ақыны, драматург, әдебиет зерттеуші ғалымның шығармашылығымен танысып, оның көптеген жыр жинақтары, пьесалары, зерттеу жұмыстары талқыланды. Драматургия Ә.Тәжібаев творчествосының екінші бір кең арналы, биік өрелі саласы болғаны анықталды.