ҚазҰУ ректоры ғалымдармен кездесті

5 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев оқу ордасының ғалымдарымен кездесті.

Кездесуде университеттік ғылымды ілгерілету және ғылыми-инновациялық жобаларды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Жүздесу барысында Жансейіт Түймебаев оқу ордасындағы жас ғалымдарға қолдау көрсету қажет екенін айтып, университеттегі патенті алынған үздік ғылыми жобаларды нарыққа шығару жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Сөз соңында ректор ғалымдарға шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен және орталықтармен, зертханалармен  тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесіп ғылыми жобаларды жүзеге асыру керектігін баса айтты.

Кездесуге қатысушы академиктер  мен жас ғалымдар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс тілектерімен бөлісті. 

Жүздесу соңында ректор Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласында өткен ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық көрмесіне белсенді қатысқан ғалымдар мен ұйымдастырушыларды Алғыс хатпен марапаттады.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі