- Басты бет
- Жаңалықтар
- Al-Farabi Бизнес Мектебі Ұлыбританияның Бизнес мектептері қауымдастығының мүшесі атанды
Al-Farabi Бизнес Мектебі Ұлыбританияның Бизнес мектептері қауымдастығының мүшесі атанды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Al-Farabi Business School Халықаралық бизнес мектеп түлектері қауымдастығының (BGA) – Business Graduates Association) мүшесі атанды.
BGA – 2019 жылы негізі қаланған, әлемге танымал MBA қауымдастығының серіктесі. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Аталған қауымдастық дүниежүзінің алдыңғы қатарлы әрі жылдам дамушы, жауапкершілікпен басқару тәжірибесі бар, үздіксіз білім алу мен қоғамға пайда әкелуге ұмтылатын бизнес мектептерді біріктірген. BGA-дың ішкі жарғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму бағдарламасының негізінде құрылған.
BGA-ға мүшелік ету арқылы Al-Farabi Business School жаһандық білім беру қауымдастығындағы әртүрлі университет, бизнес мектептермен тығыз байланыста бола алады.
Сонымен қатар келесі қадам ретінде Al-Farabi Business School білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартып, студенттерге бірегей мүмкіндік ұсынатын аккредитация алуды жоспарлайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі