Инклюзивті білім беру: әрбір баланы табысты қамтудың стратегиялары, әдістері және ресурстары

11 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласындағы №10 ҚМУ мектебінің шақыруымен педагогика ғылымдарының докторы педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы Анар Бекетбаевна Мукашева психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің оқытушылары мен мамандарына арналған "Инклюзивті білім беру: әрбір баланы табысты қамтудың стратегиялары, әдістері және ресурстары"  тақырыбында семинарға қатысты. Семинар инклюзивті білім беру туралы білімді талқылау және кеңейту мақсатында ұйымдастырылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ғана емес, барлық балалар үшін қолжетімді болуы мүмкін стратегиялар мен ресурстарға назар аударылды. Семинар барысында қатысушылар инклюзивті білім берудің келесі негізгі аспектілерін талқылады. Семинардың теориялық бөлімінде біз инклюзивті білім берудің принциптерін, барлық оқушылар оқу процесінде өзін жайлы сезінуі үшін инклюзивті ортаны қалай құру керектігін талқыладық. Семинарға білім басқармасының өкілдері, арнайы әдістемелік көмекшілер, жоғары сынып оқушыларының еріктілері қатысты. Мектеп директоры Ш.С.Удуримова ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беруді ұйымдастырудағы тәжірибесімен бөлісті. Ерекше баланың ата-анасы Ибраева Айгүл Жақсытайқызы өз баласына білім берудегі ұстаздар мен барша мамандардың еңбегі туралы жылы лебізін білдіріп, мектепті «екінші үй» деп атады.Мектепте шығармашылық үйірмелер белсенді жұмыс істеп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әлеуеті дамып келеді.