Алматыда 2024 жылғы 1-3 ақпанда «Индустрия Х: болашақтың цифрлық эволюциясы» халықаралық деңгейдегі Digital Almaty 2024 сандық форумы өтеді.

1 ақпан, 2024

Алматыда 2024 жылғы 1-3 ақпанда «Индустрия Х: болашақтың цифрлық эволюциясы» халықаралық деңгейдегі Digital Almaty 2024 сандық форумы өтеді.

Жоспарланған ауқымды көрмеде инновациялар, технологиялар, өнеркәсіп және индустрияның үздік компаниялары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 3 жобасының нәтижелерін ұсынды. Оның ішінде ақпараттық технологиялар факультетінің атынан біз Мансурова Мәдина Есімханқызы басқаратын «AI & IoT Based Water Resources Monitoring System» жобасын мақтанышпен ұсынамыз.

Толығырақ ақпаратты көрмеден алуға болады, келіңіз Сізді күтеміз!

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы, Павильон 11,

Орны:

D10- Темірханов Әділхан Әмірбайұлы

D11- Мансурова Мәдина Есімханқызы

D12- Әлия Ақтымбаева

Іс-шаралар туралы:

Алтыншы Форум ШОС және ЕАЭС елдерінің мемлекеттік қайраткерлерін, цифрлық индустрияның жаңа дәуірін қалыптастыруға бағытталған тәжірибе және идеялар алмасу үшін жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлерді біріктіреді. Форум аясында Industry 4.0 Startup Battle - үздік өнеркәсіптік стартап атағы үшін ауқымды шайқас, IT-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе мен ақпаратпен бөлісетін ірі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылардың, технопарктердің, технологиялық компаниялардың көрмесі жоспарланған.