ҚазҰУ спортшылары әйелдер күресінде топ жарды
6 ақпан, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің екі спортшы студенті 1-5 ақпан аралығында Астанада өткен грек-рим, әйелдер күресі және еркін күрестен Қазақстан чемпионатында топ жарды.
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 3-курс студенті Лаура Ғаниқызы 50 келі салмақта 1-орын алды.
Осы кафедраның 3-курс студенті Мәдина Жеңісқызы 53 келі салмақта 3-орынды иеленді.
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен жарысқа еліміздің әр өңірінен 10 түрлі салмақ дәрежесіндегі 107 спортшы қыз қатысты.
ҚазҰУ спортшыларын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
22 қараша, 2024