«Бөбек» ұлттық орталығындағы «Ерлік сабағы»

12 мамыр, 2015

Әрбір қазақстандық үшін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қасиетті дата болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылдардағы қазақстандық сарбаздар ерлігін насихаттау бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасында бұл ерекше мәні бар күнге орай бір қатар іс-шаралар өткізілді.

«Ешкім ұмытылмайды – еш нәрсе ұмыт қалмайды» - атты ұранмен 6 мамыр күні әскери кафедра офицерлері «Бөбек» ұлттық білім орталығы гимназиясы оқушылармен «Ерлік сабағын» өткізді. Әскери кафедра өкілдері өз сөздерінде Ұлы Отан соғысы Жеңісіндегі қазақстандықтардың үлесі туралы, қазіргі заманғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және оның құрылуы мен дамуы туралы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы студенттерін оқыту ерекшеліктерін де айтып өтті.

Іс-шара барысында отставкадағы подполковник Болгов А.Т., әскери соғыс жылдар әндерін орындады. Әскери кафедра оқытушысы запастағы подполковник Смағұлова Б.Б. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық әйелдер рөлін ерекше атап көрсетті.

Ерлік сабағы қорытындысын әскери кафедра бастығы запастағы полковник Ишанов Е.Х. шығарды. «Бөбек» ұлттық білім орталығы басшылығы атынан, орталық Бас директорының орынбасары Сәкенова Е.Н. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасына алғыс хатын оқыды және естелік сыйлықтарын тарту етті.

Іс-шара жылы және салтанатты жағдайда өткізілді, Қазақстан тарихына үлкен қызығушылық тудырды және Қазақстан халқының тарихи өткен өмірі үшін мақтаныш сезімі мен отаншылдығын көтеруіне мүмкіндік берді.