«How to protect the environment»

6 ақпан, 2024

06.02.2024 күні сағат 16:00 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетінің №17 жатақханасында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Қ. Кенжеқанованың басшылығымен «ТДМ 11. Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» аясында филология факультетінің студенттерінің арасында «How to protect the environment» атты тақырыпта талқылау өткізілді. Студенттер қоршаған ортаны қалай қорғауға болады, қандай іс-шаралар өткізілуі керек екендігін талқылады. Жалпы студенттер тарапынан қоршаған ортары қорғау үшін қоқыс тастамау керектігі, жарықты үнемді пайдалану, полиэтиленді пакеттерді қолданудан бас тарту және т.б. туралы жалпы халықтық мәдениет орнату керектігін ашық талқылап, ойларын бөлісті.  Студенттер пайдалы ақпарат алып, уақыттарын қызықты өткізді.