Тарих факультетінің магистранттары мен докторанттарының педагогикалық практикасы

7 ақпан, 2024

ТДМ.4 Сапалы білім

2024 жылғы 07 Ақпанда тарих факультетінде 1-курс магистранттары мен докторанттарының педагогтармен және психологтармен кездесуі өтті. Кездесу тақырыбы: педагогикалық практика. Кездесу барысында педагогтар Құдайбергенова Әлия Маликовна мен Байдалиев Дархан Дәулетжанұлы практиканттарға дәрістер, семинарлар өткізу және қатысу туралы ақпарат берді. 

Педагогикалық практика барысында практиканттар ашық дәріс және семинар сабақтарын өткізуі тиіс. Сондай-ақ, оқу тобының қатысуымен өткізілетін Бір тәрбиелік іс-шара. Кездесу аяқталғаннан кейін тараптар практикаға қатысты сұрақтар мен ұсыныстармен алмасты.

Кездесуді ұйымдастырушылар: тарих факультетінің деканаты