ҚазҰУ студенттерді «Farabi Project Challenge 2024» байқауына шақырады

8 ақпан, 2024

Құрметті студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультеті «Farabi Project Challenge 2024» инновациялық жобалық конкурсқа қатысуға шақырады!

Конкурс «Digital Farabi-2024» халықаралық цифрлық форумы аясында өтеді.

 

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

   1-кезең (іріктеу) – 23 ақпан 2024 ж., сағат: 14:00 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы    

    2-кезең (қорытынды) – 6 наурыз 2024 ж., сағат: 14:00 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы.

Жеңімпаздардың сыйақы мөлшері: I орын  – 150 000 теңге, II орын – 100 000 теңге, III орын  – 75 000 теңге.

Байланыстағы тұлға: Бейісов Нұрбол Қанатұлы, +7 (727) 377-33-30, ішкі нөмір:1526., nurbol.beisov@kaznu.kz

Тіркеу формасы: https://forms.gle/Ebatp2pTNgJpeyQ89

Олимпиаданы өткізу шарттары туралы толық ақпарат:Ереже

 Біз сізді күтеміз!

 

КОНКУРС ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1-тақырып. «Туристік маршруттарды бақылаудың интеллектуалды ақпараттық жүйесі» (сілтеме толық сипаттама)

2-тақырып. «Жекелендірілген оқу ұсыныстарына арналған AI қосымшасын әзірлеу» (сілтеме толық сипаттама)

3-тақырып. «Қоғамдық көлік кестелерін оңтайландыруға арналған AI» (сілтеме толық сипаттама)

4-тақырып. «Терең нейрондық желілерді пайдалана отырып стеганография әдістерінің классификация моделін жасау» (сілтеме толық сипаттама)

Ақпараттық технологиялар факультеті