ҚазҰУ студенті Бішкектегі турнирде жеңімпаз атанды

8 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің 1-курс студенті  Төлеген Бекнар  Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен каратэ-додан WKF Bishkek Open-2024 халықаралық турнирінде бірінші орын алды.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдерінен әртүрлі салмақта 1000-ға жуық спортшы қатысқан турнирде қазақстандықтар ең жоғары нәтиже көрсетті.

ҚазҰУ спортшысын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі