ҚазҰУ кітапханасы тарихының сырлы беттері

6 ақпан, 2024

ТДМ. 4 Сапалы білім

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орайластырылып, 2024 жылдың 6 ақпанында «ҚазҰУ кітапханасы тарихының сырлы беттері» атты студенттерге арналған кездесу-эксурсия өткізілді. Ұйымдастырушылар: т.ғ.к., доцент Беделова Г.С., т.ғ.к., доцент Садықова Р.О., PhD, аға оқытушы Нұсқабай П.Н.

      Іс-шараның барысында кітапхана қызметкері 1 ші курс «Тарих» (Шетел тілі), «Мұрағаттану, құжаттану мен құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы студенттеріне тамаша экскурсия жасап, біршама танымдық материал берді.1-ші қабаттағы Әл-Фараби мұрасы бойынша мұражаймен таныстырды, кітапханың тарихын баяндады. Сонымен қатар кітапқа тапсырыс беру және электрондық кітапхана мүмкіндіктерін толық түсіндірді. Іс-шара толыққанды нәтижелі, ерекше танымдық сипатта болды деуімізге болады.