ҚазҰУ-да Kmlab тұңғыш түлектерін мадақтау салтанаты өтеді

18 мамыр, 2015

19 мамырда сағат 11:00-деҚазҰУ-да «KONICA MINOLTA» Kmlab озат технологиясының оқу зерттеу зертханасы базасының негізінде MPLUS & COMPASS білім беру бағдарламасының тыңдаушыларынның тұңғыш түлектерін мадақтау салтанаты өтеді. Мадақтау рәсіміне Университет басшылығы, Алматы қаласы бойынша трансұлттық корпорация «KONICA MINOLTA» Аймақтық бизнес-офисінің кеңесшілері, студенттер, магистранттар, журналистика факультетінің оқытушылары қатысады.

Өтетін шара бағдарламасында: баспасөз-конференция, студенттердің үздік бизнес-жобалардың тұсау кесері, MPLUS & COMPASS білім беру бағдарламасының түлектеріне дипломдар мен сертификаттар табыс етіледі.

«Konica Minolta» - әлем бойынша суреттің көшірмелерін жасайтын, факс аппараттарын, лазерлі принтерлерді, медициналық фотожабдықтар, оптикалық компонеттер мен өлшеу құрылғыларын өндіретін жапондық танымал холдинг.

«Konica Minolta» компаниясының негізгі бағыты бизнес-технологиялар болып табылады. Суретті түсіруді дамыту барысында көшбасшы болып келе жатқан «Konica Minolta» құжаттарды басқару мен білім беру салаларындағы мекемелерде бизнес-шешімдер мен толық қанды басылымдардың сәйкестігіне ерекше назар аударады.

«Konica Minolta» озат технологиялар оқу- зерттеу зертханасы («KMLab») 2013 жылдың маусым айында ҚазҰУ журналистика факультетінде ашылған болатын. «KMLab» оқу сабақтары ағылшын тілінде жүргізіледі, тыңдаушылар толық қанды басып шығару технологиясы жайлы жоғары білім ала отырып, IT-саласы мен басып шығарудың тәжірибесін үйренеді.

ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтановтың айтуынша, мұндай келісімге қол қою және заманауи зертханалаардың ашылуы Елбасымыздың «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Жолдауындағы алға қойған мақсаттарын іске асыру болып табылады. "Бұл жоба - жаңа технологияларды оқу бағдарламасына енгізу, өндірістік тәжірибені бекіту, ғылым мен бизнесті сәйкестендіру, оқу бағдарламасына жүмыс берушілерді тарту», - деді ол орталықтың ашылу салтанатында.

Оқу барысында тыңдаушылар, оның ішінде бакалавр мен магистранттар мынандай курстармен танысты: «Озат технологиялардың Академиялық мотивациясы трансұлттық компания КМ: кейс сатысы KMlab», « Konica Minolta тұсаукесеріне», «Ақпараттық технологиялардың дамуы (IT) және оның адам өміріне ықпалы», «MPLUS & COMPASS (Konica Minolta модульдік жүйесінің үздіксіз білім беру)», «МФУ (көпфункционалды құрылғы)», «CRD (Басып шығарудың корпоративті бөлімі)» және т.б шеберлік сыныптырына қатысты.

Өткізілетін орын: ҚазҰУ, журналистика факультеті, студенттік баспасөз-орталық (ауд. №201а), Kmlab (№ 219).

Байланыс үшін: Г.С.Сұлтанбаева, саяси ғылымдарының докторы, профессор, Баспасөз және Электоронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, тел.: 7(727)2211492, 77011527488, е-мэйл: sultanbaeva_g@mail.ru.

Баспасөз және электоронды БАҚ кафедрасы