ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

11 ақпан, 2024

(5-9 ақпан, 2024 жыл)

  • Жансейіт Түймебаев Францияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен кездесті. 
  • Ректор көрнекті ғалым, түркі әлеміне ортақ тұлға, мажарстандық түркітанушы, қайраткер Иштуан Қоңыр Мандокидың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, сөз сөйледі. 
  • Жансейіт Түймебаев оқу ордасының ғалымдарымен кездесті. Басқосуда университеттік ғылымды ілгерілету және ғылыми-инновациялық жобаларды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
  • Жансейіт Қансейітұлы Оңтүстік Кореядағы Хендэ ауруханасының бас директоры Ким Бу Соппен жүздесіп, медицина бағыты бойынша өзара түсінік туралы меморандумға қол қойды.
  • Оқу ордасының басшысы ардагер оқытушы, биология ғылымының докторы, профессор Анатолий Иващенконы қабылдады. Кездесуде университет ректоры ғалымды 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
  • ҚазҰУ ректоры ғылымдағы әйелдер мен қыздарды халықаралық мерекесімен құттықтады.