Бірыңғай уақыт белдеуіне уақтылы көшу
Бірінші наурыздан бастап қазақстандықтар сағат тілін бір сағатқа кейін шегереді. Уақыттың өзгеруі сауда-саттық, логистика мен жолаушылар қатынасына әсер ететіндіктен, ақпараттық түсіндіру шаралары тұтас ел бойынша жүргізіліп жатыр. Колледж оқытушылары да «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және «Климаттың өзгеруімен күрес» тұрақты даму мақсаттарын негізге ала отырып, колледж қабырғасында түсіндіру бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастырды. 09.02.2024 жылы 1,2,3 курс топтары студенттерінің арасында уақыт белдеуінің ауысуы денсаулығымызға, өмір-салтымызға қалай әсер ететіндігін айқындайтын кураторлық сағаттар өткізілді.Топ кураторлары қабылданған шешімнің күн уақыты, әлеуметтік уақыт және биологиялық уақытты сәйкестендіру мақсатында жүргізіліп жатқандығын жеткізді және бұл шешім экономикалық және басқарушылық тұрғыдан алып қарастырғанда да халық үшін аса тиімді екені айтылды.