«Sakura Science» бағдарламасы

12 ақпан, 2024

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы М.Т.Шадаева  28.01.2024-3.02.2024 аралығында Жапония ғылым және технология агенттігінің (Japan Science and Technology Agency - JST) «Sakura Science» бағдарламасымен Цукуба университетіне барып, бағдарламаның толық курсын өтіп, сертификат иеленіп қайтты.

Бағдарлама барысында Цукуба университетінің профессоры Мацушиманың лекциясын тыңдап, аталмыш университеттің бірқатар ғылыми орталықтары мен зертханаларының жұмысымен танысты. Одан бөлек, Жапонияның аэроғарыштық барлау агенттігі (JAXA), Токио өрт сөндіру бөлімінің (TFD) Хонджо апаттың алдын алу орталығы, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға залалсыз тағам және косметика өнімдерін шығарумен айналысатын Saraya компаниясы, Oho денсаулық сақтау орталығы, мектептерді түскі аспен қамтамасыз ететін Toyosato орталығына барып, Жапонияның ғылым, технология және инновация саласындағы жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алды.