Жапон тілінен университеттік шешендік өнер сайысы өтті

13 ақпан, 2024

Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында жапон тілінен университеттік шешендік өнер сайысы өтті. Берілген сайысқа 12 студент қатысып, 2 курс студенттері Капенова Дария, Рахымжан Малика, Тұрар Руханиат және 1 курс студенті Айдаралиева Алика жеңіске жетті. Олар 16 наурызда өтетін республикалық  байқауда өз өнерлерін көрсететін болады. Байқауда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының білім алушылары бақ сынайды. Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

 

Қиыр Шығыс кафедрасы

Жапонтану бөлімінің меңгерушісі Тазабекова Г.Б.