ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ: «БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»

12 ақпан, 2024

Құрметті әріптестер!
Сіздерді ҚазҰУ-дың және биология және биотехнология факультетінің 90 жылдығына арналған 2024 жылдың 27-28 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін «Биология ғылымдарының тұрақты дамуының заманауи тенденциялары» атты Халықаралық форумына қатысуға шақырамыз.
Форумға қатысуға ғалымдар, университет оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, жас ғалымдар, студенттер шақырылады.
Біз сіздерді конференцияда көруге қуаныштымыз!

Ұйымдастыру комитеті

Форумда биологияның перспективті бағыттарын дамытудың заманауи тенденцияларын талқылау, биоалуантүрлілік аясында жасушалар мен ұлпалар биологиясы, жануарлар мен өсімдіктер морфологиясы, физиология, биофизика, биомедицина, нейроғылымдар, биотехнология, микробиология, биоинженерия, генетика және молекулалық биология, сондай-ақ біртұтас халықаралық ғылыми-білім кеңістігін сақтау және дамытудағы өзекті мәселелерді шешу жоспарлануда.
Ұйымдастырушылар:
• әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
• Биология және биотехнология факультеті.
• ИЫҰ (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) Ғылыми-техникалық ынтымақтастық комитеті COMSTECH.
• Оңтүстіктегі орнықты даму үшін ғылым және технология жөніндегі комиссия (COMSATS).
• Әзірбайжан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің Дендрология институты.
• Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығы.

https://farabi.university/storage/files/218200551965cb50cd850fb422296690_АҚПАРАТТЫҚ ХАТ ҚазҰУ 90_final.pdf