- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ «Сапалы білім беру» тұрақты дамуының 4 мақсатын іске асыру шеңберінде 2024жылдың 12 ақпанында сағат 21:30 - де «Халықаралық логистика» (магистратура) қосдиплом білім беру бағдарламасының (ББ) онлайн-презентациясының халықаралық семинары өтті
БҰҰ «Сапалы білім беру» тұрақты дамуының 4 мақсатын іске асыру шеңберінде 2024жылдың 12 ақпанында сағат 21:30 - де «Халықаралық логистика» (магистратура) қосдиплом білім беру бағдарламасының (ББ) онлайн-презентациясының халықаралық семинары өтті
Білім беру бағдарламасының артықшылықтары, бюджеттік орындардың саны, стипендиялардың мөлшері, еңбек нарығындағы жағдай мен мансаптық мүмкіндіктер жөніндеПатриса Лумумбы атындағы Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) (https://www.rudn.ru/) экономика факультетінің деканы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, Патриса Лумумбы атындағы РХДУ тарапынан«Халықаралық логистика» ББ үйлестірушісі – Андронова Инна Витальевна айтып берді.
Тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын спикерге қойды. Аталған іс – шара студенттерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (https://farabi.university) (Алматы қ., Қазақстан) мен Патриса Лумумбы атындағы РХДУ (Мәскеу қ., РФ) 2021 жылдан бері бірлесіп табысты жүзеге асырылып жатқан «Халықаралық логистика» (магистратура) ББ жөнінде барынша толық ақпаратты беруге арналған.
Ұйымдастырушылар: э.ғ.к., профессор м.а., әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – дің «Бизнес – технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б., аға оқытушы, әл – Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан «Халықаралық логистика» ББ үйлестірушісі Шуренов Н.Б.