- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультетінде Литва Республикасының Бас консулы Гвидас Керушаускас мырзаның көшбасшылық дәрісі өтті
Халықаралық қатынастар факультетінде Литва Республикасының Бас консулы Гвидас Керушаускас мырзаның көшбасшылық дәрісі өтті
2024 жылдың 12 ақпанында сағат 11:00-де Халықаралық қатынастар факультетінде Литва Республикасының Алматыдағы Бас консулы Гвидас Керушаускас мырзаның «Литваның Орталық Азиямен экономикалық байланыстары» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі өтті.
Консул мырза өз сөзінде Литва Республикасының сыртқы саясаты мен экономикалық дамуы туралы ақпарат беріп, Орталық Азияі елдерімен экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нәтижелерін атап өтті. Сонымен қатар, Гвидас Керушаускас мырза студенттерге екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы Литваның мүдделері туралы айтып, олардың одан әрі дамуына болжам жасады.
Дәрістің қорытынды бөлімінде Бас консул мен дәріске келген білім алушылар арасындағы қысқаша пікір алмасу мен сұрақ-жауап форматында өтті. Консул мырза Литва мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытудағы диаспораның рөлі, киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік контекстіндегі жағдайдың өрбуінің түрлі сценарийлері туралы сұрақтарға жан-жақты және егжей-тегжейлі жауап берді.
Дәріс тақырыбы аясында жас ғалымдар мен студенттер факультетіміздің құрметті қонағынан өздерін толғандырған сұрақтарға саралы жауап алып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуының түрлі аспектілері туралы тың білімдер алды.