Ph.D. Қамбарбекова Ғалия Әмзеқызы ғылыми семинар өткізді

14 ақпан, 2024

12 ақпан 2024 жылы Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының “Жас ғалымдар кеңесінің” ұйымдастыруымен ф.ғ.к. Қамбарбекова Ғалия Әмзеқызы “Дереккөздер: зерттеу әдістері, классификация және зерттеу барысында туындайтын мәселелер” атты ғылыми семинар өткізді.

Семинар барысында парсы дереккөздерінің түрлері айқындалып, деректермен жұмыс істеу мәселелері талқыланды. Деректану - тарихты зерттеудегі қосымша пән. Тарихи деректер жазбаша, заттай, этнографиялық, ауызша, лингвистикалық, фотоқұжат, фоноқұжат болып бөлінеді. Ғалым тарихи деректердің әрқайсысымен қалай жұмыс істеу керектігін, Ирандағы деректердің сақталуы мен олардың тарихи маңыздылығын түсіндірді.

Семинарға кафедра оқытушылары, магистрант, докторанттар қатысып, семинар сұрақ-жауап, ғалымдардың ой бөлісмен аяқталды.

 

Бокулева Бота

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы