Сергектік кепілі – спорт

15 ақпан, 2024

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашанда пай­да­лы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сү­руге де жетелейді екен. Дені сау ұрпақ тәр­бие­леу – бүгінгі маңызды міндеттердің бірі. Таза әрі саф ауа мен көрікті табиғат аясына жиі сая­хат жасау және спорттық ойындар ұйым­дастыру көтеріңкі көңіл күй мен денсаулыққа пай­дасы зор. 

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі да­йын­дық кафе­драсының тұ­рақты даму мақ­саттары (ТДМ-3) ая­сында және «Өл­кетану», «Па­расат» клуб­тарының ұйым­дас­ты­руымен білім алушы жастарға са­ла­уат­ты өмір салтын насихаттау мақ­са­тында топ тың­дау­шы­лары арасында «Спорт – денсаулық кепілі» ұра­нымен «Медеу» мұзай­ды­нында конькимен мұз үстінде мәнерлеп сыр­ға­наудан және 800 сатылы баспалдақпен жүгіріп шығу бойынша кіші жарыс өтті.

Спорттық шараның бас­ты мақсаты – болашақ денешынықтыру пәнінің мамандығын таңдайтын тыңдаушыларға спорт са­ласына жасайтын ал­ғашқы қадамы әрі шет­ел­ден келген тың­дау­шы­лар­дың қоғамға үй­ренісуі. Сондай-ақ са­лауатты өмір салтын на­си­хаттау. «Медеу» мұз­ай­дыны – әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық ре­корд­тар мекені. Көптеген отандық кинолардың та­рихында қалған, «Азия да­уысы» сияқты халық­ара­лық ән байқауы жа­йында талай тарихи іс-ша­раларға мұрындық бол­ғанын тыңдаушылар білуі керек. Бұл шараның тағы бір мақсаты – Медеу тарихымен таныстыру, өзара достық қарым-қа­тынасты қалыптастыру, тың­даушы-студенттер бос уақытын тиімді пай­далану, іс-шараларға жұмылдыру.

«Медеу» мұз­айдынын­да­ғы жарыстың жалғасы өл­кетануға саяхат жа­саумен ұласты. Медеудің керемет көркем таб­и­ғатын тамашалап, көңілді демалыстан рухани азық алған шетелдік тыңдау­шы­лар атамекенге деген сағынышын әнмен, өз туындыларын арқау еткен жырмен жеткізіп, «Медеу» мұзайдынында серуен­деп, коньки теуіп, дема­лыс күндерін қызықты өт­кізді.

Гүлнәзира МУЖИГОВА,

Сандуғаш НҰРТІЛЕУОВА,

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары