Ауыл оқушыларына арналған олимпиада
25 қаңтар, 2024
2024 жылдың 21-25 қаңтар күндері Астана қаласында ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытының үшінші кезеңі өтті. Мақсаты – ауылдан келген дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтау және нығайту. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Ш.А. Шортанбай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазылар алқасының құрамында болды.
Басқа жаңалықтар
26 желтоқсан, 2024
26 желтоқсан, 2024
25 желтоқсан, 2024