2024 жылғы 8 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Орыс тілі және мәдениеті» орталығында Ресей ғылымы күніне арналған іс-шара өтті. Студенттер Ресей ғылымының тарихы туралы баяндама жасап, ғылымның түрлі салаларына үлес қосқан ұлы ғалымдар туралы әңгімеледі (М. Ломоносов, Д. Менделеев, К. Циолковский, Лев Ландау).
Орыс филологиясы және әлемдік әдебиет кафедрасының жас ғалымдары Ресейдің соңғы ғылыми жаңалықтары мен жетістіктері туралы ақпаратпен бөлісті. Ресейде жүргізіліп жатқан ғылыми жобалар және олардың әлемдік ғылымға әсері туралы материалдар ұсынылды, инновациялар мысалдары келтірілді.
Оқытушылар ғылымның қоғамдағы рөлін талқылады: Ресей ғылымындағы перспективалық бағыттар - жасанды интеллектті зерттеу саласы; нанотехнологиялар; Digital Humanities.Орталық басшысы ресейлік ғалымдардың әлемдік ғылыми қоғамдастықтың орталығында қала отырып, жаңа инновациялық зерттеулермен белсенді түрде жұмыс істеуін жалғастыратынына баса назар аударды, өйткені ғылым болашақты қалыптастырады, біздің күнделікті өмірімізге әсер етеді, бұл ұжымдық еңбек, бұл таңғажайып білім әлемі.
Ғылым күндері бүкіл әлемде атап өтіледі. Әрбір мемлекет өз ғалымдарын мақтан тұтады. Ғылымды танымал ету - барша адамзаттың болашағына қосқан бағалы үлесі. Қазақстанның ғылыми қызметкерлері күні 12 сәуірде атап өтіледі! Шара соңында студенттер мен PhD докторанттары «Ғылым және тұрақты даму» атты эссе жазды.
Орталық басшысы
«Орыс тілі және мәдениеті»
С. Бегалиева