«Қазақ қоғамындағы әйелдердің рөлі»

6 қараша, 2023

2023 жылдың 6 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетінде орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті, п.ғ.д. Ж.Х. Салханованың жетекшілігімен ТДМ-5 «Гендерлік теңдік» аясында іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Шетел филологиясы. Батыс тілдері» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. «Қазақ қоғамындағы әйелдердің рөлі» тақырыбындағы шара «Еркін микрофон» форматында ұйымдастырылды.

Шағын топтарға топтастырылған студенттер біздің еліміздегі, сонымен қатар әлемнің басқа елдеріндегі гендерлік теңдік туралы презентациялар мен баяндамалар әзірледі. Студент Төлегенова Қарақат университет қалашығында жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижесімен таныстырды. Сауалнаманың мақсаты Қазақстандағы гендерлік теңдік қандай деңгейде екендігі туралы мұғалімдер мен студенттердің пікірлерін анықтау болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алушы Бельгиялық студент Нина Тахир Еуропа елдеріндегі толық гендерлік теңдік саясаты туралы айтты. Студент Айтубай Ақмарал гендерлік теңдік тиісті деңгейде сақталмаған дамушы елдердегі әйелдердің жағдайы туралы баяндама дайындады. Топ жетекшісі Арманқызы Самал сандық сайыс ойынын өткізіп, талқыланған тақырып бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген Қанатбай Малика жеңімпаз атанды. Студент Мадиева Салтанат Қазақстан Республикасында әйелдердің құқықтары тең екендігін тілге тиек ете отырып, отбасы мен шаруашылық саласында жоюды қажет ететін құқық бұзушылықтардың жекелеген жағдайлары орын алатыны туралы тұжырым жасады.

Іс-шараның модераторы: Ж.Х. Салханова студенттерді «ТДМ-Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламалық құжатымен таныстырып, жаһандану жағдайында бұл бағдарламаның 17 бағытының әрқайсысы біздің елімізде де, жалпы әлемде де кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, қоғамымыздың өркендеуіне қол жеткізу үшін барша азаматтар білуі тиіс нақты міндеттер қойылғандығын да атап өтті.